Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мониторингі және бақылау басқармасы

Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мониторингі және бақылау басқармасы өзінің құзыреті шегінде келесідей функцияларды орындайды:
1) жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану саласындағы өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзедi;

2) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша құзыреттi органға ұсыныстар енгiзедi;

3) келiсiмшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келiседi;

4) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсынымдары негiзiнде жобалау құжаттарын бекiтедi;

5) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссиямен келiсiм бойынша пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының көлемiне қарай өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартады;

6) жобалау ұйымы әзiрлеген жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң жою немесе консервациялау жобаларын келiседi;

7) құзыреттi органның тарату қорын пайдалану жөнiндегi рұқсатын келiседi;

8) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жер асты құрылыстарын салуға рұқсат бередi;

9) нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді (ҚРҮҚ, мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері);

10) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес, пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу, бағалау және өңдеу бойынша жобалық құжаттарды қарастырады.
Орталық комиссияның негізгі міндеті пайдалы қазбалардың кен орындарын және жер асты суларын барлау мен игерудің анағұрлым тиімді әдістерін қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.

Орталық комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша оның ұсынымдары хаттамамен ресімделіп, меншік нысанына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында пайдалы қазбаларды барлау мен игеруді жобалаумен және жүзеге асырумен айналысатын шетелдік субъектілер үшін орындалуы міндетті болып табылатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның шешімімен қабылданады.
Орталық комиссия кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнінде жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жобалау құжаттарын, оларға толықтырулар мен өзгерістерді бекіту не бекітуден бас тарту жөніндегі ұсынымдарды қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.
Осыған байланысты, орталық комиссияның ұсыныстарына сәйкес, Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мониторингі және бақылау басқармасы келесідей жобалық құжаттарды бекітті:
2010 ж. — 11 жоба;

2011 ж. — 9 жоба;

2012 ж. — 148 жоба;

2013 ж. — 160 жоба; оның ішінде 73 өңдеу, 38 бағалау және 49 іздестіру жобалары;

2014 ж. — 151 жоба: оның ішінде 85 өңдеу, 24 өңдеу, 38 іздестіру жобалары, тәжірибелік-өнеркәсіптік өңдеу — 4.
Сонымен қатар, Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану мониторингі және бақылау басқармасы жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы жобалық құжаттарды келісті:
2011–27 жоба;

2012–114 жоба;

2013–37 жоба;

2014–33 жоба.
Қосымшалармен бірге, жұмыс бағдарламалары да келісілді. Олардың саны келесідей:
2010 ж. — 11 жұмыс бағдарламасы;

2011 ж. — 9 жұмыс бағдарламасы;

2012 ж. — 148 жұмыс бағдарламасы;

2013 ж. — 160 жұмыс бағдарламасы;

2014 ж. — 151 жұмыс бағдарламасы.
Келісілген келісімшарт жобалардың саны төмендегідей:
2010 — 13 жоба;

2011 — 1 жоба;

2012 — 12 жоба;

2013 — 33 жоба;

2014 — 27 жоба.
 
2012 жылдың 9 айына геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің бақылау қызметінің 

нәтижесі туралы, ақпараттық анықтама
2012 жылдың 9 айына геология және жер қойнауын пайдалану Комитетімен жер қойнауын рационалды және кешенді пайдалануға бақылау қызметі бөлімінде келесі жұмыстар жүргізілді.
714 жер қойнауын пайдаланушылардың тексерісі өтті, соның ішінде 596 жоспарлы және 118 жоспардан тыс (басқа мемлекеттік мекемелер бастамасы бойынша). Жүргізілген тексеріс нәтижесінде 893 бұзушылық анықталды, 775 жазба берілді, 88338,176 мың теңгеге заңды және жеке тұлғаларға айып қойылды.
Барлау мен өндіруге 335 жобалық құжат қаралды және қорытынды берілді.
Келісімшарттың 93 жобасы және келісімшартқа толықтырма бойынша қарастырылды жәнеқорытынды берілді.
 
 
© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті