Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жер қойнауын сараптау басқармасы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне (бұдан әрі-Комитет) қойылған ең маңызды функционалдық міндеттердің бірі — Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» № 125-VI Кодексімен және «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары қорлары бойынша Мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қоры бойынша аймақаралық комиссия туралы Ережені бекіту туралы» 2018 жылғы 15 мамырдағы № 330 бұйрығымен белгіленген Жер қойнауын мемлекеттік сараптау болып табылады.

Жер қойнауын сараптау басқармасының негізгі қызметі — бұл жер қойнауына мемлекеттік сараптама жасайтын Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қоры жөніндегі Мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі - ҚР ҚМК) қызметін ұйымдастыру.

 

Басқарманың негізгі міндеттері

- кен орындарының геологиялық-экономикалық бағалау материалдарын сарапатау, минералды шикізаттардың кондициясы және пайдалы қазбаларды есептеу арқылы Қазақстан Республикасы мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;

- жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану үшін шарттардың сақталуын қамтамасыз ету;

- жер қойнауын мемлекеттік сараптауды ұйымдастыру және геологиялық есептерді қарау нәтижесі бойынша шешім жобасын дайындау;

- пайдалы қазбалардың кен орындарын жоюдың немесе консервациялаудың, пайдалы қазбаларды есептен шығарудың немесе қалған қорлардың теңгерімділік тиесілігінің өзгеру негізділігін айқындайды.

 

Басқарманың функциялары

- жер қойнауын мемлекеттік сараптау жүргізуді және пайдалы қазбалар қорын бекітуді қамтамасыз етеді, тәуелсіз сарапшылардың бағалау қорытындысын талдайды және жинақтайды:

·  геологиялық, тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, техникалық-экономикалық деректердің және жер қойнауын пайдалану талаптары бойынша басқа да мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын;

·   бекітуге ұсынылған минералды шикізат кондициасының, көмірсутек шикізат қорларын шығару коэффициентінің, қорлар және жер учаскесінің пайдалану үшін дайындық дәрежесінің негізділігі;

·   жер қойнауын геологиялық зерттеу және бағалау бойынша барлау, тәжірибелік-өнеркәсіптік және басқа да жұмыстар қорытындысы мен сапасы.

- жер қойнауын пайдалану құқығына ие болу келісімшартын рәсімдеу кезінде, нысандағы пайдалы қазбалардың бекітілген қоры туралы сараптама қорытындысын дайындайды;

- пайдалы қазбалар кен орнын жете зерделеу бойынша ұсыныстарды дайындайды және береді;

- қарастырылатын материалдарға геологиялық, технологиялық, техникалық және экономикалық сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар және сарапашылар тобын іріктеуді жүргізеді;

- өз мамандығы саласына қатысты, нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындауға қатысады;

- еліміздің минералды-шикізат кешені жағдайы туралы ақпарат дайындауға қатысады;

- жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттық аумағын өзгерту қажеттілігі туған жағдайда геологиялық және тау-кендік бөлулерді келіседі;

- пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссияның жұмысына әдістемелік басшылықты және бақылауды қамтамасыз етеді;

- ЖҚСБ қызметкерлері профильді бағыттар бойынша әртүрлі комиссиялар мүшелері болып табылады.

Жер қойнауына мемлекеттік сараптаманы геология және жер қойнауын пайдалану саласында арнаулы білімі бар және сараптама нәтижелеріне мүдделі емес тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.

Комитет Төрағасымен бекітілген, тәуелсіз срапшылар тізімі төменде келтірілген.

Жыл сайынғы геологиялық-барлау жұмыстарының көлемінің ұлғаюы жер қойнауын мемлекеттік сараптау жүргізу үшін есеп материалдарының адекваттық түрде түсуіне әкеледі. Қарастырылып отырған пайдалы қазба физикалық жағдайына байланысты қатты, көмірсутекті шикізат және жерасты сулары болып бөлінеді. Қатты пайдалы қазбалар өнеркәсіптік пайдалануы бойынша металл және металл емес болып бөлінеді. Көмірсутек шикізаты – мұнай, газ және конденсат болып бөлінеді. Жерасты сулары – жерасты суларының қажеттіліктеріне сәйкес (ауыз су, техникалық, минералды емдік, жылуэнергетикалық және өнеркәсіптік).

Қатты пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын Мемлекеттік сараптауға минералды шикізат түрлері бойынша (шикізаттың спецификалық ерекшеліктеріне байланысты одан әрі бөлшектемей) алты жетекші (топтастырылған) бағыт жатады: қара металдар, асыл, түсті, сирек, сирек жерасты, кенсіз және отын-энергетикалық металдар. Сонымен қатар, жер қойнауын мемлекеттік сараптауға баланстық қорды есептеу үшін минералды шикізаттың сапасы параметрлерін Техникалық-экономикалық негіздемесін бағалау кіреді.

Көмірсутек қорын есептеуге жер қойнауын мемлекеттік сараптау негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі: кен орнының геологиялық моделі, кәсіпшілік геофизика, көмірсутектерді алудың коэффициенттерін техникалық-экономикалық негіздеу.

Жерасты сулары бөлігінде жер қойнауын мемлекеттік сараптау жерасты суларын пайдалану мақсаты бойынша, сонымен қатар барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану учаскесі туралы геологиялық ақпарат материалдары бойынша бағыттарға бөлінеді.

 

Басқарманың 2018 жылға мақсаттары және 2018 жылдың 5 айы бойынша жұмыс нәтижелері

2018 жылдың қаңтарынан мамыр айына дейін ҚР ҚМК 109 есеп бойынша материалдарға сараптама жүргізді, оның ішінде: 45 – қатты пайдалы қазбалар кен орындары бойынша; 39 – мұнай және газ кен орындары бойынша; 25 – жерасты сулары бойынша.

Жыл сайын ҚР ҚМК-мен 100-ден астам нысандар қарастырылатынын атап өту қажет. 2017 жылы ҚР ҚМК 117 есеп бойынша материалдарға сараптама өткізілді, соның ішінде 40 - қатты пайдалы қазбалар кен орындары бойынша, 42 - мұнай және газ кен орындары бойынша, жерасты сулары бойынша – 35.

ҚР ҚМК қызметі 2018 жылғы 29 маусымнан бастап, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің күшіне енуінен бастап, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 330 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы Ережемен реттеледі, қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутектер қорларына мемлекеттік сараптама жалғасады;

Жерасты суларының қорларын мемлекеттік сараптау және жер қойнауын пайдалану туралы геологиялық есептерді сараптау 2018 жылғы 16 мамырдағы № 335 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережемен реттелетін жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия  жүзеге асырады.

 

 «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» 74-қадамын іске асыру

«Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» 74-қадамын іске асыру шеңберінде Қазақстанда «Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі, минералды ресурстар және минералдық қорлар туралы бұқаралық есептіліктің Қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ (KAZRC) және «Жер қойнауы тәуелсіз сарапшыларының кәсіби бірлестігі» ҚБ (ПОНЭН) құрылды. 2016 жылы Қазақстандық Кодекс KAZRC CRIRSCO тобына қабылданды және Қазақстан CRIRSCO Халықаралық Комитетінің 10 мүшесі болды.

2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша 161 маман ПОНЭН мүшесі болып табылады, оның 53 құзіретті тұлға болып табылады.  2018 жылғы 01 желтоқсандағы жағдайы бойынша құзіретті тұлғалар тізімі төменде келтірілген.

Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша есептілікке, халықаралық стандарттар негізінде CRIRSCO қатты пайдалы қазбалар және SPE-PRMS көмірсутегі шикізат қорларын және ресурстарын бағалауға дайындық кезінде қолданылатын жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық нормаларды үйлесімдендіру жұмыстарына Еуропалық жаңарту және даму банкі (бұдан әрі - ЕЖДБ) грант бөлінді.

Мемлекеттік органдардан, Kazenergy және KAZRC ассоциациялары, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ ақпараттық-аналитикалық орталығы, ҚР ҚМК және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Барлау және игеру орталық комиссиясының тәуелсіз сарапшылары, «Геолог мұнайшылар Қазақстандық бірлестігі» қоғамдық бірлестік өкілдері, ПОНЭН және ЕЖДБ мамандарынан құралған ЕЖДБ техникалық тапсырмасын жүзеге асыруды бақылау бойынша жұмыс тобы құрылды.

Lloyd’s Register және Adam Smith International компания бірлестігінің кеңесшілерімен SPE-PRMS мұнай ресурстарын басқарудың халықаралық жүйесін енгізу бойынша есеп дайындалды, онда ҚР ҚМК қазіргі стандартынан халықаралық стандартқа өту бойынша ұсыныстар келтірілген.

ЕЖДБ техникалық тапсырмасын жүзеге асыруды бақылау бойынша жұмыс тобының жұмысы нәтижесі бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне ҚПҚ бөлігінде ұсыныстар енгізілді, онда бұқаралық есептіліктің халықаралық стандарттарын заңды түрде бекту қарастырылған.

74 қазақстандық маман KAZRC/ПОНЭН бағыты бойынша 2018 жылы 86 маман оқытылды. 2016-2018 жылдар аралығында барлығы 309 маман оқытылды.

ЕҚДБ гранты шеңберінде SPE-PRMS көмірсутек қорлары жөніндегі халықаралық есеп беру стандарттары бойынша 81 маман оқытылды.

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің 277-бабына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қолданыстағы жүйесін пайдалану арқылы өтпелі кезең көзделген. SPE-PRMS көмірсутек шикізат қорлар бойынша есептіліктік халықаралық стандарттарына 2021 жылдан бастап ірі компаниялардың, 2022 жылдан бастап орта компаниялардың, 2024 жылдан бастап кіші компаниялардың көшуі сатылап жүзеге асырылады.

 

© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті