Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Заң басқармасы

Басқарманың негізгі міндеттері

- Комитеттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

- заңнаманы қолдану практикасын қорыту;

- құқықтық актілердің, келісім-шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.

Басқарманың функциялары:

- сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда және мемлекеттiк органдарда Комитеттiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен Комитеттiң мүдделерiн бiлдiредi;

- Комитетте Қазақстан Республикасының құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзінде үйлестiредi;

- Комитет әзірлейтін құқықтық актілердің, келісім-шарттардың, іс жүргізу құжаттардың, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, соның ішінде Комитеттің басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады;

- Комитет әзірлеуші болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуі кезінде қатысады;

- құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Комитет төрағасының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды;

- заңнамалық актілерде көзделген жағдайда мемлекеттiк органның құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша Комитеттің атынан түсiнiктеме дайындайды;

- Комитетке келiп түсетiн Қазақстан Республикасының құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiн және олардың сақталуын ұйымдастырады;

- Комитеттің норма шығармашылық қызметін және заң сараптамасының нәтижелері бойынша Комитет төрағасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді;

- Комитет құрылымдық бөлімшелерінің жазбаша үндеулерінің негізінде шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолдануын қамтамасыз етеді;

- тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Комитеттің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

- заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Комитеттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;

- заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;

- Комитеттің қызметінде құқықтық мәселелері бойынша, сонымен қатар өзгеде мемлекеттік органдар құрған комиссиялардың және жұмыс топтардың  жұмысына қатысады.

© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті