Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру

Құрметті сайт қонақтары!

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрілігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын  жүзеге асыру  жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.

Жемқорлық фактілері және мемлекеттік қызметкерлерімен этиканы бұзу фактілері туралы Сіз Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрілігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне (бұдан әрі — Комитет) хабар бере аласыздар.

Жолданымды:

1. Жазбаша түрде, 010000, Астана қаласы, Ә. Мәмбетов көшесі, 32 пошталық мекен-жайына, тел. 39-03-10;

2. Комитеттің интернет-ресурсы www.geology.mid.gov.kz арқылы жолдауға болады

Түсіндіре кетейік, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес:

1) мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш;

2) мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiштер қарауға жатпайды.

Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс.

Жеке тұлғаның өтiнiшiнде оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Өтiнiш өтініш жолдаушының қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен оның негізгі белгілері

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы 1-бабының 1-тармағының 6- тармақшасы).

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не, жемқорлыққа қарсы күрестің қағидаттары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттарына мыналар жатады:

1. Барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте осы қағидатты ұстану аса маңызды. Өкінішке орай, заңнаманы іріктеме қолдану, яғни, біреулерге заң қолданып, басқалары үшін қолданбаған жағдаяттар жиі кездесе береді. Сот, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің кейбіреулері сыбайлас жемқорлыққа іліккен.

Аталған қағидатты ұстанудың кепілі болып, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділігі табылады — жемқорлық үрдістерін БАҚ-нда насихаттау, оның ішінде сот ісіне БАҚ өкілдері мен жұртшылықтың қатысуы, прокуратураға, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросына (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне)өтініш жолдау.

2. Мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» №986 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдармен шешім қабылдаудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдардың рұқсат беру саласы мен әкімшілік өкілеттігін оңтайландыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске азаматтық қоғам ұйымдарын тартуға, жемқорлыққа күрес бойынша заңнама аясында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізудің тиімді тетігін енгізу, бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жүйесін құру, жекелеген рұқсат беру функцияларын азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын барынша қысқарту және заңсыз жолмен алынған, ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар енгізу көзделген.

3. Мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру.

Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілері өзара іс-қимылының нысандары мен тетіктерін, сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың ашықтығына және олардың уақтылы орындалуына жәрдемдесетін рәсімдерді нақты құқықтық регламенттеуді жүзеге асыру көзделген.

Заңға сәйкес, аталған қағидаттар мыналарды тануға және қамтамасыз етуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуi;
  • жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу
  • сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгi
  • осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау.

Сыбайлас жемқорлық экономикалық заңдардың еркін қолдануын шектеп, мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін төмендетеді, елге пайдалы шетелдік инвестицияларын тартуда басты кедергілердің бірі болып табылады. Адал, әлеуметтік бағытталған табыскерлік сыбайлас жемқорлық арқасында тиімділігін жоғалтып, нарықтан ығыстырылып жатыр.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік өкімет органдарында әсіресе қауіпті. Осындай жағдайда ол билік монополиясы, мемлекеттік қызметкерлердің шешім қабылдауындағы дискрециялық өкілеттігі мен лауазымды тұлғалардың қатаң құқықтық есеп және есептілік болмауының селбесуі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің үкімет жүйесін бұзып, үкімет мәртебесі мен мемлекеттік қызмет беделінің төмендеуіне себептеседі. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі болып, ұйымдасқан қылмыстың әсіресе экономикалық салада өсуіне ықпалын тигізеді.

Туындаған сұрақтарыңыз бойынша Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Талғат Бақтыярұлы Сәтиевке 39-03-25, қабылдау бөлмесі 39-03-10 телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті