Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Көмірсутек шикізаты геологиясы басқармасы

2003–2014 жж. ГБЖ негізгі нәтижелері
Бюджеттік қаражат есебінен
2003–2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен көмірсутек шикізаты бойынша мынанай жұмыстар орындалды:
— Жараспай мульдасында геофизикалық зерттеулер;

— тереңдігі 4000 қума метр құраған параметрикалық ұңғыма бұрғыланды;

— Каспий маңы ойпатындағы Жәнібек аймағының тұз үстіндегі кешенінде сейсмикалық және гравиметрлік зерттеулер;

— Бекет-Бесоба учаскесінде сейсмикалық және гравиметрлік зерттеулерҢ

— Батыс Қазақстан облысындағы Захатсор учаскесінде іздестіру-бағалау жұмыстары өткізілді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Бекет мұнай және газ кен орны анықталды, оның ресурстары 16,3 млн.тонн деп бағаланады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың өз қаражаты есебінен
2012 жылда «Қазақстан Республикасы қалдықтық бассейндерді кешенді зерттеу» 2009–2011 жылдарға арналған жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өз қаражаты есебінен қаржыландырып, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен компания арасындағы 2009 жылғы 3 шілдесінен № 1-09-УВС//207–33 келісімшарт негізінде орындалды.
Жоба шеңберінде ҚР бассейндерінің келешегі, ресурстық базасының құрылысын қайта бағалау жөніндегі кешенді зерттеулер Қазақстанда 20 жыл ішінде алғаш рет өткізілді.
Есептің мақсаты — геологиялық-геофизикалық жұмыстардың бағыттарын анықтау, мұнай және газ өңдеу келешегін бағалау.
— Барлық 15 бассейн бойынша геологиялық-сейсмикалық және бұрғылау тарапынан зерттелгендігінің схемалары, негізгі сейсмикалық қабаттардың құрылымдық карталары (1:500000 және 1:200000), геофизикалық өрістердің өзгеруі, магниттік және гравиметрлік ауытқуларының карталары (1:200000 және 1:500 000), жылу өрісінің картасы (1:500 000, 1:1 000 000) құрылды. 1:500000 масштабтағы жергілікті құрылымдарын орналастыру, мұнай және газ кен орындарының мұнайлы-газдылығы, мұнайлы-газдылық келешегі мен ұсыныстарының карталары жасалынды.
— Барлық қалдықтық бассейндер бойынша гравиметрлік және магниттік ауытқулардың 1:1 000 000 масштабындағы жиынтық картасы құрастырылды;
— Барлық қалдықтық бассейндердегі құрылыстар 1:200 000 масшабында екі еселенген планшеттер бойынша орындалды;
— Бассейндер кескінінде (Каспий маңы, Арал, Сырдария, т.б. бассейндер) палеозой кезеңінен ірі объектілердің бар болуы мүмкін перспективалық аймақтар бөлінді, оның ішінде, 6,5–7,0 км тереңдікте орналасқандары.
— Жаңа мұнайгаз аймақтарын және жергілікті объектілерді іздестіру критерийлерінің маңызды факторы ретінде, мұнай және газ тұтқыштарының қалыптасуын шарттайтын, тілік жарықшақтық дәрежесінің ролі дәлелденді.
— Жаңартылған геологиялық үлгілер, орындалған құрылыстар және жаңа деректер негізінде барлық бассейндер бойынша болжамды ресурстар бағаланып шықты.
— Батыс Қазақстан бойынша магниттік белсенді беттердің алдынала схемасы (1:200000) алғаш рет құрастырылды; ол ірі аймақтардың өзара орналасуын айқындауға және құрауыштар арасындағы шекаралардың сипатын нақтылауға мүмкіндік береді.
— Барлық бассейндердің нақтыланған геологиялық және құрылымдың үлгісі алынды.
Жоба шеңберінде жүзеге асырылған іс-шаралар нәтижесінде, өңірлік және алаңдық зерттеулер, оның ішінде, зерттеулердің сейсмикалық және басқа да түрлерін өткізу бойынша ұсыныстар қалыптастырылды. Қалдықтық бассейндер территорияларында 2D/3D сейсмикалық жұмыстарды өткізу реттілігі және әдістемесі анықталды. Бассейндер мен олардың жеке аймақтарының келешегін жоспарлы зерттеу мақсатында, сейсмикалық профильдер мен бірінші кезектегі параметрлік іздестіру ұңғымаларының желісі ұсынылды.
Жоба аясында зерттеулерді орындау кезінде 1990–2009 жылы өткізілген өңірлік және алаңдық сейсмикалық, геологиялық-геофизикалық жұмыстардың деректері мен нәтижелері ескерілді. Қазақстанның мамандандырылған кәсіпорындарымен өткізілген жұмыстардың нәтижелері, сондай-ақ, ТМД ұйымдарының жарияланған деректері да қолданды.
Жоба барысында «ҚазГеоАқпарат» РГАО келісуімен берілген 234 есептің және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ геологиялық қорынан 300-ден астам есептердің деректері қолданылды. Жоба нәтижелерінде Каспий маңы бассейнінің алаңында аэромагниттік түсіру (2010–2011 жж.) деректері, геологиялық-геофизикалық зерттеулердің басқа түрлері, кен орындарында өткізілген мұнай және газ қорларын қайта есептеудің деректер-де ескерілді. Нәтижесінде өнеркәсіптік санаттағы қорлардың айтарлықтай жоғары динамикасы байқалды.
Жоба бойынша зерттеулердің қорытындылары 15 қалдықтық бассейндер бойынша жеке есептерде (барлығы 16 есепте) баяндалған.
Зерттеулердің қорытындылары 1990–2009 бүкіл Қазақстан территориясы бойынша жинақталған, өңделген және жалпыланған деректер болып табылады. Аталған деректер сандық нысанға көшірілген, қажет болған жағдайда оларға жедел қол жеткізуге болады.
Зерттеу объектілері бойынша қалыптастырылған материалдар негізінде сандық көлемді геологиялық және бассейндік үлгілер жасалынып, олар бойынша геологиялық-геофизикалық деректер қоры құрылды.
 
© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті