Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Қатты пайдалы қазбалар геологиясы басқармасы

Қатты пайдалы қазбалар геологиясы басқармасы туралы

 

         Басқарманың негізгі міндеттері:

- Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді Республикалық бюджет қаражат есебінен және жер қойнауын пайдаланушылар  – компаниялардың жеке қаражаты есебінен орындау.

- Қазақстан Республикасында қатты пайдалы қазбалар бойынша минералдық-шикізат базасын Республикалық бюджет қаражат есебінен және жер қойнауын пайдаланушылар – компаниялардың  жеке қаражаты есебінен қайта өндіруді қамтамасыз ету.

- Жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында ғылыми - қолданбалы зерттеулерді жүргізу.                           

Басқарманың функциялары:

- қатты пайдалы қазбаларға мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында мемлекеттік саясатын іске асыру;

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу салалық бағдардамаларын іске асыруға және әзірлеуге қатысу;

- өңірлік геологиялық зерттеулерге, қатты пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және бағалауға, геология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулерді өндіруге мемлекеттік тапсырмаға бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздеу және ұсынысты қалыптастыру, олардың орындалуын бақылау және орындау міндеттерін қоса;

- қатты пайдалы қазбалар минералдық-шикізат базасының даму жағдайын және мемлекеттік  геологиялық зерттеулерге мониторингті жүзеге асыру;

- бюджет қаражаты есебінен жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңын мердігерлік мекемелердің  сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

- мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу және қолданбалы ғылыми зерттеу бойынша конкурстық бағдарламаларды өткізуге және ұйымдастыруға қатысу;

- бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша операцияны өткізуге келісім шарт жасауға қатысу;

- өз қаражаты есебінен мемлекеттік жер қойнауын геологиялық зерттеуге келісімдерді (келісім - шарттарды) дайындау  және өтінімдерді қарастыру;

- құзіретті орган арқылы конкурсқа қоюға жататын, жер қойнауы учаскілерінің тізім жобасын қалыптастыру бойынша ұсыныс енгізу;

- жер қойнауын пайдаланушылардың бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісім талаптарын орындауы  бойынша мониторинг жүргізу және ұйымдастыру;

- өз құзырет шегінде нормативті – техникалық құжаттарды және құқықтық актілерді әзірлеу және әзірлеуге қатысу.


2017 жылғы 1-жартыжылдықтағы

геологиялық зерттеулер жөнінде ақпарат

 

2017 жылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, бөлінген лимит шегінде, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес, «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру» 089 республикалық бюджеттік бағдарламасының «Өңірлік, геологиялық-түсірілім, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары» 102 кіші бағдарламасы бойынша Комитет еліміздің барлық аймақтарында жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізді. Оған алаңдарды геологиялық жете зерттеу, кенді аймақтарды геологиялық-минерагендік картаға түсіру, тереңдікті геологиялық картаға түсіру, іздеу, іздеу-бағалау жұмыстары жатады.   

   

  • Өңірлік геологиялық зерттеулер:
    1. Болжамды ресурстарды бағалай отырып, масштабы 1:200000 алаңдарды геологиялық жете зерттеу (ГДП-200)2 объектіде бұрын басталған жұмыстар жалғастырылды, олардың біреуінде жұмыстар 2017 жылдың 4 тоқсанында аяқталады (Қазақстанның шығыс өңірі). Сондай-ақ 2 жаңа объектіде жұмыстар басталды.

  1. Сонымен қатар, 2017 жылы ГДП-200 жұмыстарының нәтижесі бойынша (бұрын жүргізілген) масштабы 1:200000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік геологиялық картасы парақтарының сериялық шартты белгілерін дайындау жұмыстары басталды және жаңа сериялық шартты белгілер базасында, сондай-ақ қолда бар геологиялық, геофизикалық, геохимиялық, аэроғарыштық және басқа да ақпаратты пайдалану және терең талдау мен синтездеу негізінде, заманауи геологиялық теорияларды, деректерді түсіндіру мен өңдеудің әдістері мен компьютерлік құралдарды қолдана отырып, масштабы 1:200000 әрбір номенклатуралық парақ бойынша геологиялық карталардың жаңа топтамасын әзірлеу және басып шығаруға дайындық (заманауи Мемлекеттік геологиялық карталар-200) басталды. Бұл карталар Қазақстан геологиясының негізі болып табылады. Оларға ісін жаңа бастаған кез келген жер қойнауын пайдаланушы жүгінеді. 



  1. Болжамды ресурстарды бағалай отырып, масштабы 1:200000 геологиялық-минерагендік картаға түсіру (ГМК-200) 2 объектіде бұрын басталған жұмыстар жалғастырылды, олардың біреуінде жұмыстар 2017 жылдың 4 тоқсанында аяқталады (Қазақстанның орталық өңірі). Сондай-ақ 2 жаңа объектіде жұмыстар басталды.

  1. Болжамды ресурстарды бағалай отырып, масштабы 1:200000 тереңдікті геологиялық картаға түсіру (ГМК-200) 2 объектіде бұрын басталған жұмыстар жалғастырылды, олардың біреуінде жұмыстар 2017 жылдың 4 тоқсанында аяқталады (Қазақстанның солтүстік өңірі). Сондай-ақ 6 жаңа объектіде жұмыстар басталды.

Өңірлік геологиялық зерттеулер жүргізу нәтижесінде геологиялық мазмұндағы масштабы 1:200000 заманауи карталар топтамасы дайындалады, негізгі минералдық шикізат түрлерінің болжамды ресурстары бағалана отырып, келешегі бар жаңа алаңдар, учаскелер, кен аймақтары анықталады, егжей-тегжейлі геологиялық зерттеу жүргізу үшін ұсынымдар берілетін болады.

Аяқталған өңірлік геологиялық зерттеулер жөніндегі есептер «Қазгеоақпарат» РГАО-ның геологиялық қорларына және тиісті Өңіраралық департаменттерге тапсырылады.

 

  • Іздеу, іздеу-бағалау жұмыстары:

          5. Қатты пайдалы қазбаларды іздеу жұмыстары – алтын-полиметалл, мыс, сирек кездесетін металдардың кен орындарын анықтау мақсатында 2017 жылы 35 объектіде (республиканың барлық өңірлерінде) іздеу жұмыстары жалғастырылды (бұрын басталған жұмыстарды жалғастыру), олардың он жетісінде жұмыстар 2017 жылдың 4 тоқсанында аяқталады. Сондай-ақ 26 жаңа объектіде жұмыстар басталды.  

  

6. Қатты пайдалы қазбаларды іздеу-бағалау жұмыстары - алтын-мыс кені, полиметаллдар, сирек кездесетін металдар бойынша 2017 жылы 8 объектіде (ШҚО-да, Қызылорда облысында) жұмыстар жалғастырылды (бұрын басталған жұмыстарды жалғастыру), олардың үшеуінде жұмыстар 2017 жылдың 4 тоқсанында аяқталады. Сондай-ақ 6 жаңа объектіде жұмыстар басталды.   

Іздеу және іздеу-бағалау жұмыстары нәтижесінде келешегі бар жаңа кен объектілері, алаңдар, учаскелер, минералдау аймақтары анықталып, болжамды ресурстар бағаланады және негізгі минералдық шикізат түрлері С2 бойынша қорлар есептеледі, егжей-тегжейлі геологиялық зерттеу жүргізу үшін ұсынымдар берілетін болады.

Аяқталған іздеу және іздеу-бағалау жұмыстары жөнінде есептер «Қазгеоақпарат» РГАО-ның геологиялық қорларына және тиісті Өңіраралық департаменттерге тапсырылады.

 

Жер қойнауын пайдаланушылардың жеке қаражаты есебінен

жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберіндегі

жұмыстар

 

2017 жылы, жер қойнауын пайдаланушылардың жеке қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге жиырма шарт жасалды.

Қаржыландырудың жалпы сомасы 5 478 430 244 теңге (бес миллиард төрт жүз жетпіс сегіз миллион төрт жүз отыз мың екі жүз қырық төрт теңге).

Жүргізілген жұмыстардың жалпы ауданы 55 059,16 шаршы шақырым (Қазақстанның Солтүстік, Оңтүстік, Орталық және Шығыс өңірлері).

Шарттарда титан-цирконий кенін (ильменит, рутил, цирконий, олово), алтын, асыл (зергерлік-қолөнерлік) тастарды, сирек кездесетін металдардың кенденуін, мыс-колчедан кенін іздеу және іздеу-бағалау жұмыстары қарастырылған.

© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті