Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Қағидалар мен міндеттер

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
  1. Жалпы ережелер
  1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын мемлекеттік басқару салаларындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық бөлімшелері және оның қарамағындағы ұйымдары бар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестиция және даму министрінің м.а. 17.09.2015 № 929 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
  1. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, және осы Ережені басшылыққа алады.
  2. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ қазынашылық органдарында шоттары бар.
  3. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен Төрағаның бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
  5. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі.
  6. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
  7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 7-кіреберіс.
  8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
  9. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  10. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері
  1. Комитеттің негізгі міндеттері: мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      Функциялары:
  1. Министр бекiткен тәртiпке сәйкес жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты сақтау, жүйелеу және жинақтау;
  2. жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
  3. 2005 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасындағы өндіру салалары қызметінің ашықтығы бастамасын іске асыруға қатысты өзара түсіністік туралы меморандумында белгіленген талаптарына сәйкес кең таралған пайдалы қазбалар және жерасты суларын қоспағанда, өндiрушi салалар қызметiнiң ашықтығы бастамасын iске асыруды жүзеге асыру және дамыту;
  4. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiнде жерасты өндiрiстiк-техникалық суларын барлауға және өндiруге рұқсат беру және керi қайтару;
  5. жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасын ұйымдастыру және жүргiзу, пайдалы қазбалар қорларын бекiту;
  6. пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын, пайдалы қазбалардың кен орындары мен көрініс-белгілерінің, қауiптi геологиялық процестердiң мемлекеттiк кадастрларын жасауды ұйымдастыру және жүргiзу;
  7. геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  8. геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастыру және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
  9. жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
  10. жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына мониторингтi және бақылауды жүзеге асыру;
  11. жер қойнауын зерделеу мен пайдалану саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлеудi жүзеге асыру;
  12. конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша құзыреттi органға ұсыныстар енгiзу;
  13. минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi (байытуды) қоса алғанда, жер қойнауының ұтымды және кешендi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
  14. геологиялық және тау-кен бөлiнiсiн беру;
  15. техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын ұйымдастыру және жүргiзу;
  16. келiсiмшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келiсу;
  17. суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерiнiң негiзiнде жерасты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асыру;
  18. жерасты сулары бөлiгiнде мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу;
  19. жер бетiндегi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсаттарды келiсу;
  20. жерасты су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларына рұқсаттарды келiсу;
  21. бассейндiк схемалардың және су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсер ету нормативтерiнiң негiзiнде жерасты су объектiлерiне арналған су пайдалану лимиттерiн келiсу;
  22. су объектiлерiнде, су қорғау аймақтарында және белдеулерінде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру шарттарын келiсу;
  23. бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын өткiзуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектiлерi арқылы коммуникация құрылыстарының жобаларын келiсу;
  24. жерасты су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауызсумен қамтамасыз ету кезiнде жерасты су объектiлерiнен тiкелей жерасты суын алуға қорытындылар беру;
  25. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсаттарды келiсу;
  26. пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсынымдары негiзiнде жобалау құжаттарын бекiту;
  27. облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
  28. кен орындары қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзу талаптары мен мерзiмдерiн айқындау;
  29. қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген нұқсанның мөлшерiн айқындау;
  30. келiсiмшарт (шарт) негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын берудi алдын ала келiсу;
  31. конкурс туралы хабарлама берiлгенге дейiн шығарылатын жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық ақпарат топтамаларын дайындау және оның құнын айқындау;
  32. барлауға немесе өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келiсiмшарт жасасу жөнiндегi тiкелей келiссөздерге қатысуға арналған өтiнiмге қорытынды беру;
  33. кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттық құжаттардың жобаларын қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған жобалық құжаттарға сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
  34. жерасты суларын тәулiгiне екi мың текше метрден астам көлемде өндiру кезiнде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес оларды қаттарға айдау үшiн жерасты суларының кен орындарын игеру жобасын пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсыныстары негiзiнде бекiту;
  35. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу тәртiбiн келiсу;
  36. iлеспе газды қайта өңдеудi дамыту бағдарламаларын келiсу;
  37. кен орнында бiрлескен барлау немесе өндiруді бiрыңғай жүргізу туралы шартты алдынала келісу;
  38. Министрдің бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою мен консервациялау қағидалары негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісті лицензиясы бар жобалау ұйымы әзірлеген, жер қойнауы объектілерін жою немесе консервациялау жобаларын келісу;
  39. кен орындары игеру салдарын жою бағдарламаларын бекiту;
  40. пайдалы қазбалар қабаттары жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға, пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыс салудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жергілікті атқарушы органмен бірлесіп рұқсат беру;
  41. жер қойнауын зерделеу мен пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
  42. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансы бойынша мемлекеттiк органдарға ақпарат беру;
  43. жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесiп айқындау;
  44. елді мекендерді шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға арналған жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
  45. жер қойнауын пайдалануға құқық беру және жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге келiсiмшарттар (шарттар) жасасу;
  46. жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындауына мониторингтi және бақылауды жүзеге асыру;
  47. өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
  48. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
  49. өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
  50. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестиция және даму министрінің м.а. 17.09.2015 № 929 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
  1.  Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
          Комитет:
  1. өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді шығарады;
  2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  4. Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге шараларды өткізеді;
  5. қызметінің басшылық ететін бағыттары бойынша кеңес беру-кеңесу органдарын (жұмыс топттарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
  6. өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартуға;
  7. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асырады.
          Комитеттің міндеттеріне:
  1. Комитетке жүктелген міндеттер мен қызметтерді іске асыруды қамтамасыз ету;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;
  3. құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
  4. Комитет балансындағы мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
  5. бухгалтерлік есепті жүргізу;
  6. бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Министрлікке беру;
  7. Комитетке бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  8. мемлекеттік сатып алу рәсімдерін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізу кіреді.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
  1. Комитетті Министрліктің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Төраға басқарады.
  2. Төрағаның Министрліктің жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.
  3. Комитет төрағасы Министрліктің басшылығына комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  4. Комитет төрағасы комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.
  5. Осы мақсаттарда Комитет төрағасы:
  6. өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
  7. өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
  8. мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
  9. оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Төраға болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Комитет төрағасының бұйрығына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
  1. Комитет төрағасының орынбасары:
  2. өз өкілеттіктері шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
  3. Комитет төрағасымен оған жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Комитеттің мүлкі
  1. Комитеттің шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
  2. Комитеттің мүлкі оған мемлекетпен тапсырылған мүліктен, сондай-ақ Комитет балансында олардың құны көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
  3. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
  1. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

 

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті