Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Инвестициялар және даму министрлігінің
  Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
 
1. Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу.

Көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
2. Бұрғылау және басқа тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысың жобаларын келісу.

Көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Жерасты су объектілерінің жай-күйіне, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жерасты су объектілерінен тікелей жерасты су объектілерін жинауға әсер ететін кәсіпорындар мен басқа ғимараттарды салуға, реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға қорытынды беру.

Көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
4. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу бойынша тікелей келіссөздерге қатысу өтініміне қорытынды беру.

Көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
5. Жобалау ұйымы әзірлеген жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жобаларын келісу.

Көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
6. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге келісімшарттар (шарттар) жасасу.

Көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
7. Кеден одағы аумағының шегінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты шығаруға рұқсат беру.

Көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.
8. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру.

Көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz (бұдан әрі — портал) арқылы жүзеге асырылады.
9. Кұпиялылық туралы келісім жасасу.

Көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

 

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті