Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Азаматтардың өтініш-арыздарын талдау нәтижесі бойынша ең жиі қойылатын сұрақтар

  1. Өз қаражаты есебінен жер қойнауын геологиялық зерттеу жүргізуді қалай рәсімдеуге болады?
 
Жауап: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №215 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидалары сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасуға өтінім беру арқылы өз қаражаты есебінен жер қойнауын геологиялық зерттеу жүргізуді рәсімдеуге болады. 
  
  1. Кең таралған пайдалы қазбаларды жою жобасын әзірлеуге лицензия қажет пе? 
Жауап: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес КПҚ-ды жою жұмыстарын жобалау рұқсат беру құжаттарының тізбесіне енбейді.
Заңның 9-бабы 3-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардан «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңында көзделмеген рұқсаттардың немесе хабарламалардың болуын ешкімнің талап етуге құқы жоқ. 
Жоғарыда баяндалғандар негізінде, кең таралған пайдалы қазбаларды жою жұмыстарын жобалауға лицензия қажет емес.
  1. Геологиялық бөлу қанша уақытта беріледі?
Жауап: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, геологиялық бөлуді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңімпазы немесе «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңда көзделген жағдайларда конкурс өткізбей-ақ жер қойнауын пайдалану құқығы берілген тұлға өтініш берген күннен бастап жиырма күн ішінде береді.  
 
  1. Тау-кендік бөлу қанша уақытта беріледі?
 
Жауап: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 33-бабы 3-тармағына сәйкес, тау-кендік бөлуді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган конкурс жеңімпазына немесе «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның 35-бабы 2-тармағында көзделген жағдайларда конкурс өткізбей-ақ жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін тұлғаға, аталған тұлға тау-кендік бөлу жобасын берген күннен бастап, жиырма күннен кешіктірмей береді. 
 
  1. Қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған жобалау құжаттары қандай міндетті сараптамалардан өтуі тиіс?
Жауап: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының 66-бабы 5-тармағына сәйкес, өндіру жұмыстарын жүргізуге арналған жобалау құжаттарына:
      1) мемлекеттік-экологиялық;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық;
      4) жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы міндетті сараптамалар жүргізілуі тиіс.
 
  1. Су ұңғымаларын бұрғылауға лицензия қажет пе?
 
Жауап: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес су ұңғымаларын бұрғылауға лицензия қажет емес.
 
  1.  Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның жиынтық жұмыс жоспары бекітіліп қойған жағдайда, жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізуге ұсынылған есеп қандай тәртіппен қаралады?
 
Жауап: «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 бұйрығының 27-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес, Жоспарланатын жылдың 30 қаңтарынан кейін келіп түскен жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдерін ҚР ҚМК тіркейді. Аталған есептерге сараптама мынадай түрде жүргізіледі:
  1. бірінші кезекте, жиынтық жұмыс жоспарына сәйкес есептер қарастырылады;
  2. екінші кезекте, жоспарланатын жылдың 20 қаңтарынан кейін келіп түскен өтінімдер бойынша есептер олардың келіп түсу кезектілігіне сәйкес қарастырылады.
 
  1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің 1995 жылғы 2 маусымдағы № 63/121-П бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мұнай, газ және басқа да ұңғымаларды жою және олардың құрылысына жұмсалған шығындарды есептен шығару тәртібі туралы ереже» қолданыста ма?
 
Жауап: «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты, егер нормативтік құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық элементтері жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе солармен қамтылса, күші жойылды деп тануға жатады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің 1995 жылғы 2 маусымдағы № 63/121-П бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мұнай, газ және басқа да ұңғымаларды жою және олардың құрылысына жұмсалған шығындарды есептен шығару тәртібі туралы ереже» күшін жойылды деп танылмағандықтан, қолданыста деп есептеуге болады.  
 
  1. Келісімшарттық аумақты қайтару актісін бекіту үшін қажет құжаттарды тапсыру тәртібі қандай?
Жауап: Келісімшарттық аумақты қайтару «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV ҚР Заңына сәйкес орындалады.
 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 мамырда № 11028 болып тіркелген «Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 396 бұйрығына сәйкес ресімделген, келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару туралы есеп қоса берілген ресми хат уәкілетті органға жолданады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 маусымда № 11499 болып тіркелген «Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 200 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бірлескен бұйрығына сәйкес ресімделген, жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау актісі есепке қоса беріледі.              
Келісімшарттық аумақты қайтару актісі  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11393 болып тіркелген «Келісімшарттық аумақты немесе оның бөліктерін қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 411 бұйрығына сәйкес рәсімделеді.
  1.  Ақылы, ақысыз негіздегі құпяилылық келісімді және қосымшаны жасасқаннан кейін геологиялық қорларға рұқсатты қалай алуға болады?
Жауап: Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2017 жылғы 08 тамыздағы № 172-нқ бұйрығы (сілтеме) негізінде, құпиялылық туралы келісімнің және төлем тапсырмасының (егер ақылы негізде болса) көшірмесі, тапсыру-қабылдау актісі бойынша «Ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК арқылы геологиялық ақпараттың көшірмелерін алу үшін «Қазгеоақпарат» РГАО-ның және Өңіраралық департаменттердің геологиялық қорларында үзінді көшірме және көшірме алу құқығымен, түгендеу ведомостіне енгізілген геологиялық ақпаратпен жер қойнауын пайдаланушылардың танысына негіз болып табылады.
  1. Жер қойнауын пайдаланудан бос объектілер (аумағы, кен орны) жөніндегі геологиялық ақпаратқа қолжеткізу рұқсатын қалай алуға болады? (1 АЕК бойынша)
Жауап: ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне қажет объектінің атауын және мына ақпараттарды:
  1. Бұрыштық нүктелер мен нүктелер ортасының географиялық нүктелерін (болған кезде);
  2. Объектінің географиялық сипаттамасын (облысы, ауданы, жақын орналасқан елді мекендер);
  3. Пайдалы қазбаның түрін көрсете отырып, сұрау жолданады.  
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 385 бұйрығымен (сілтеме) бекітілген «Мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге геологиялық ақпаратты әкету қағидаларының» 8-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, «Қазгеоақпарат» РГАО-ның және Өңіраралық департаменттердің геологиялық қорларында, үзінді көшірме және көшірме алу құқығынсыз, белгіленген тәртіппен, сол объект (кен орны) жөніндегі геологиялық ақпаратпен танысуға рұқсат етіледі. 
  1. Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (ҚР ҚМК) пленарлық отырысының хаттамасы жер қойнауын пайдаланушыға қанша уақыттан соң жіберіледі?
Жауап: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 472 «Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережелерді бекіту туралы» бұйрығының 47 бөліміне сәйкес, ғылыми хатшы Сараптамадан өткен есепті "Қазгеоақпарат" РГАО геологиялық қорына тұрақты сақтауға тапсыру туралы хабарландырудың көшірмесін алған сәттен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде жер қойнауын пайдаланушыға ҚР ҚМК-ның пленарлық отырысының хаттамасын жібереді
© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті