Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

1611/18
В Минске состоялась XXII сессия Межправительственного совета по разведке, использованию и охране недр

Минскіде Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің XXII сессиясы өтті

14-16 қараша аралығында Минск қаласында Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің XXII сессиясы өтті. Сонымен қатар, Үкіметаралық кеңес аясында III тау-кен-геологиялық форумы болды.

Сессия жұмысына Ресей Федерациясынан, Беларусь Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Тәжікстан Республикасынан, Қазақстан Республикасынан, ТМД Атқарушы комитетінен өкілетті өкілдері мен сарапшылары қатысты.

Қазақстан Республикасы атынан ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев, ҚР ИДМ жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймышев және ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қатты пайдалы қазбалар геологиясы басқармасының бас сарапшысы Шолпан Ақыбаева қатысты.

Сессия қатысушыларына Беларусь Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі А. Худык, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы В. Гуминский атынан атқарушы комитет төрағасының бірінші орынбасары – ТМД Атқарушы хатшысы В. Гуминский құттықтау сөз сөйледі.

Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Үкіметаралық Кеңесінің XXII сессиясының нәтижесінде Кеңес мүшелері хаттамаға қол қойды.

В Минске состоялась XXII сессия Межправительственного совета по разведке, использованию и охране недр

В Минске состоялась XXII сессия Межправительственного совета по разведке, использованию и охране недр

В Минске состоялась XXII сессия Межправительственного совета по разведке, использованию и охране недр


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті