Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1108/17
День строителя – праздник созидателей

Құрылысшылар күні – жасампаздар мерекесі

Бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов құрылыс саласының барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 Комитет төрағасы өз сөзінде құзыретті органның құрылыс саласындағы атқарған жұмыстарын, жеткен жетістіктері мен енгізілген жаңалықтарын айтты.  

Құрылыс қызметін жетілдіру үшін «5 институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында 4 бағыт қарастырылған.

Бүгінгі таңда бұл бағыттар бойынша:

  - рұқсат алу процесі оңтайландырылды: сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы 40-тан 6 жұмыс күніне дейін, эскиздік жобаны келісу 60-тан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды;

 - жобаларға сараптама жүргізу кезең-кезеңімен мемлекеттік монополиядан алынып, жоба сараптамасының 60%-ы бәсекелестік ортаға берілді;

- құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісі енгізілді;

- ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің орынына Еурокод жүйесі енгізілуде.

Мархабат Жайымбетов атап өткендей, «Бұл енгізіліп жатқан жаңалықтар оң нәтиже беруде. Бұған соңғы 3 жылда еліміздің позициясы 130 орынға жақсарғанын көрсететін Дүниежүзілік Банктің қорытынды рейтингі дәлел бола алады. Сонымен қатар, еліміз «құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша Doing Business рейтингінде 22 орынға ие болды. (жалпы рейтингте 35 орын)».

Мемлекет соңғы 5 жылда тұрғын үй құрылысына және инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге 1,3 трлн. теңге бөлді. 2012 жылдан бері 40,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, 348,8 мың отбасы баспаналы болды.

Биылғы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша, 6,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 53,0 мың отбасы баспаналы болды.

Мінсіз жұмысымен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне байланысты ардагерлер мен құрылыс саласының үздік қызметкерлері  «Еңбек ардагері» медалімен,  «Құрметті құрылысшы»,  «Құрметті сәулетші»,  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төс белгілерімен,  министрліктің Құрмет грамотасымен және Министрдің Алғыс хатымен марапатталды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті