Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

0911/18
Казгеология завершила полевые работы в Карагандинской области

«Қазгеология» АҚ Қарағанды облысында дала жұмыстарын аяқтады

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында орналасқан Теріс аққан, Сегізбай-Құл, Қайыңды учаскелерінде 2018 жылғы дала жұмыстарын аяқтады. Оларда жер бетіндегі геофизикалық зертеулер толық орындалды.

Жұмыстар Орталық Қазақстанда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі мемлекеттік тапсырманың шеңберінде жүргізілді.

Ресми деректер бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілген учаскелердің жалпы алаңы 1804,1 ш.км құрады, оларда ВП-ДОЗ әдісімен 955 қ.км көлемінде топографиялық және электр барлауы жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 330 қ. км іздеу маршруттары саланып, 3500 текше метр таукен әзірлемелері өткерілді.

Бұдан басқа, 2018 жылдың нәтижелері бойынша 2019 жылға арналған геологиялық барлау жұмыстарының жоспары әзірленді.

Жоспар өзіне анықталған геофизикалық аномалияларды бағалау әрі тәптіштеуді, сондай-ақ болжамды кендену бар аймақтарды бағалау үшін іздеу ұңғымаларын бұрғылауды қамтиды.

Үш шоқы алаңында (217 ш.км) көлемі 614 қ.км ZTEM инновациялық технологиясы бойынша жүргізілген аэрогеофизикалық зерттеулердің маңызы ерекше зор.

Олардың нәтижесінде 500 метрге дейінгі тереңдікте 9  аномалия аймағы анықталды. Олар сипаттамасы бойынша мыс-порфира жүйелеріне не скарндердің минералданған аймақтарына сай келеді  әрі тікелей іздеу жұмыстарын жүргізуде мәні бар.

Аномалиялы аймақтарды 2019 жылы іздеу бұрғылаудың жер бетіндегі физикалық әдістері жүргізілгеннен кейін тәптіштеп зерттеу жоспарлануда.  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі «Орталық Қазақстан» өңіраралық департаменті жобаларды іске асыру жөніндегі есептерді қабылдап, олар қорларға тапсырылды.

Жезқазған, Сәтбаев моно қалаларындағы және Ұлытау ауданындағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың минералдық шикізат базасын дамытуға бағытталған Жезқазған өңірін дамытудың кешенді жоспарының шеңберінде орындалып жатқанын естеріңізге саламыз.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті