Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

You are here

Жаңалықтар

2211/18
А.Надырбаев: в 2018 году геологоразведка дала прирост запасов железных руд, меди, урана, серебра, нефти и других полезных ископаемых

А.Надырбаев: 2018 жылы геологиялық барлау темір, мыс, уран, күміс, мұнай және басқа да пайдалы қазба кен қорларының өсімін арттырды

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында Геология және жер қойнауын пайдадалану комитеті мен «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ-ның 2018 жылдың 10 айында атқарған жұмыс нәтижелеріне арналған баспасөз конференция өтті.

Онда ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев пен «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қадыржан Қауылдашев баяндама жасады.

А.Надырбаев өз баяндамасында Қазақстанда жер қойнауын геологиялық зерттеуді алдын ала талдау Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен Ұлытау ауданын кешенді дамыту жоспарын іске асыру мен 2020 жылға дейінгі аймақтық даму бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады, деп атап өтті.

Биыл республикалық бюджет қаражаты есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу 78 учаскеде жүргізілуде. Жыл соңына дейін 7 объектіде жұмыс аяқталады. Іздеу-барлау және бағалау жұмыстарының нәтижесінде жаңа кен орындарын анықтап, болжамды минералды ресурстарды алу жоспарланып отыр.

Әлемдік нарықтағы заманауи тенденцияларды және сирек кездесетін металдарға деген сұраныстың артуын ескере отырып, биыл Қазақстанның оңтүстігінде сирек кездесетін металдар кенін анықтау перспективаларын бағалау аяқталуда.

Биыл 10 айда инвесторлардың жұмыс нәтижесінде бұрын зерттелген учаскелердегі 3 көмірсутек шикізат кен орны алғаш рет мемлекет балансына берілді.  Олар: 1 темір рудасы, 1 нефритоид және 1 көмір кен орны.

Жер қойнауын пайдаланушылардың инвестициялары есебінен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қор көбейді. Атап айтқанда, кен - 12 млн. тонна, мыс - 58 мың тонна, уран - 92 мың тонна, күміс - 270 тонна, мұнай - 17 млн. тонна, минералды сулар - 35 мың тәулігіне м3 және т.б.

Биыл 29-маусымда қабылданған Кодекс аясында "Бірінші келді – бірінші алды" қағидасы енгізілді, жер қойнауын пайдалану құқығын беру мерзімдері қысқартылды. Сондай-ақ, Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы қабылданды, геологиялық ақпаратқа еркін қол жетімділік қамтамасыз етілді, CRIRSCO халықаралық жүйесіне сәйкес, KAZRC стандарттарына көшу қарастырылды.

Бұдан бөлек, «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Қадыржан Қауылдашев бүгінгі таңда Қазгеологияның инвестициялық портфелінде геологиялық барлауға инвестициялар көлемі 52,5 млрд. теңге болатын жер қойнауын пайдаланудың 52-ден астам бірлескен жобасы бар, деп атап өтті.

«Елдің минералды-шикізат базасын кеңейту мақсатында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС моноқалаларын Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш аудандарында кеңейту мақсатында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-мен 5 учаскеде және «Казцинк» ЖШС-мен Риддер және Зырянь моноқалаларындағы алтын, мыс, полиметалдарды бірлесе барлау жұмыстары басталды», - деп атап өтті Қ.Қауылдашев.

Сондай-ақ, Қазгеология Қазақстанның сирек кездесетін металдар кен орындарын анықтау перспективаларын бағалау бойынша ірі жобаны аяқтайды. Республика аумағындағы жоба Қазақстанның 8 облысында орналасқан 18 ірі сирек кездесетін кен орындарын анықтады.  Олар  Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында.

Бұдан бөлек, Батыс Қазақстанда биыл Қазгеология Каспий маңы ойпатының тұзды бағанында асыл металдар мен литийдің байытылған аймақтарын анықтау бойынша геологиялық барлау жұмыстарын бастады.

«Қазгеология» АҚ-ның жетекшісі брифингке қатысушыларды компанияның 2019 жылға дейінгі даму стратегиясымен таныстырды.

Компанияның даму стратегиясында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының геологиялық дерекқоры мен инфрақұрылымының сапасын жақсарту және «Ұлттық минералды ресурстардың ұлттық деректер банкін» құру жоспарланған.

Жүйе геологиялық деректерді біріктіреді және оларды қазіргі форматта жасауға мүмкіндік береді, мемлекеттік органдардың және жер қойнауын пайдаланушылардың қызметінің ашықтығын, ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Инвесторлардың жер қойнауын пайдалануын жеңілдетіледі. Бұл өз кезегінде инвестиция ағынын арттырады.

Бұған қоса, Қазгеология халықаралық сертификаттауға ие коммерциялық геохимиялық лабораторияны құруды жоспарлап отыр. Бұл барлау және қорларды барлаудың KAZRC халықаралық есеп стандарттарына көшуде міндетті талап болып табылады.

Компания «ALS Kaзгеохимия» ЖШС-нің австралиялық ALS Limited компаниясымен бірлескен кәсіпорнын құрды. Ол озық технологиялар мен зерттеу әдістеріне ие техникалық қызмет көрсету саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. 65 елде 400 кеңсе, 13 мың білікті маманы бар. Олар геохимия саласында зертханалық-сараптамалық қызметтерді ұсынуға маманданған.

 

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ме?

© 2018

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті